Asmr video
KazakhRussianEnglish
Мы в соцсетях Мы в соцсетях

Асмр қазаша ертегі (қысқа) жалғасын кұтыңыздер. #asmr #asmrelax #асмрертегі

0
0

Сәлем! Қалайсыздар. Көрерменымнын сураумен) Ертегі оқимын. ” Алтын жүзік” Баяғыда Мұрат деген кісі болған екен. Бір күні ол алыс сапарға аттанады. Жол жүріп келе жатып, қатты шаршаған Мұрат айдаладағы жалғыз үйге кез келеді. Үйге кірсе, аяғы кісендеулі, жас, әдемі келіншек отыр. Қасында үш күшік жүгіріп жүр. Мұрат амандасып болған соң:

         — Құдайы қонақпын. Дәм айдап осы үйге келіп отырмын. Қарсы болмасаңыз, сіздің үйге тоқтап, әлденіп, тамақтанып алсам ба деп едім. Ақыңыз кетпес, пұлын берем, – дейді.

Келіншек Мұратты ет пен қымызға тойдырады. Тамақ ішіп болған соң, бір-бірінен жөн сұрасады. Келіншектің аты Ханым екен. Ол:

         — Мен сиқыршы шалдың әйелімін, мына күшіктер – оның балалары. Күйеуімнің бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс. Ол қазір малын бағып, далада жүр. Үйге кешке қарай келеді. Өзінің маған көрсеткен қорлығы ұшан-теңіз, – деп әңгімелеп береді. — Менің адам атаулыны көрмегеніме бірталай жыл болды. Сізді Құдай айдап келген шығар. Мені осы пәледен құтқара көріңіз, – дейді сұранып.

Мұрат келіседі, сол кезде Ханым сөзін жалғастырып:

         — Оның келетін уақыты болып қалды. Бұл жерден тезірек кеткеніміз жөн. Өзі – жүйрік. Біздің бір күн жүрген жерімізге көзді ашып-жұмғанша жетіп барады. Уақыт ұту үшін, осы үйді жығып, заттарын әр жерге үйейік. Сосын балаларының бірін батысқа, бірін шығысқа, енді бірін темірқазық жұлдызының бағытына қарай апарып тастайық. Ол балаларын жинап, заттарын түгендеп жүргенде, біз біраз жерге барып қалармыз, – дейді.

         Енді екеуі осының бәрін орындап, қашады. Жол-жөнекей Мұрат:

         — Бұл жауыздың қолына қалай түсіп жүрсіз? – деп келіншектен сұрайды.

         — Біздің үйдің бір асау аты болатын. Бірде ол жоғалып кетті. Соны іздеймін деп елден алыстап кетіппін. Бір мезгілде қарасам, атым бір бұтада байлаулы тұр. Жақындап келсем, бұл бұта болмай, бойы бір қарыс, сақалы қырық қарыс шал болып шықты. Атымды сұрайын деп жақындаған кезімде, ол мені шап беріп ұстай алды. Аяқ-қолымды байлап, үйіне алып келді. Атымды сойып жеді. Өзінің маған көрсетпеген қорлығы жоқ, – деп, Ханшайым жауап береді де: — Жүрісті тездете түсейік, ол ендігі үйіне келген болар. Егер шал бізді қуып жетер болса, есіңізде болсын, оның сиқыры тек басына қатты соққы тиген кезде ғана жойылады, – деп, сөзін жалғастырды.

ЖАЛҒАСЫ БАРР!!!

Салыңыз десеңыздер сыздерден ???? кутемын!!!

my instagram; Asmr_blogger (Қысқа тұры ертегі)

#Asmr #асмрдлясна #whispering #asmrelax #Алтынжүзік #Nazerkeblogger #Asmrblogger #қазақшаертегі #jojos #казакскиесказки #асмрсказкапромурата #KazakhfairytalesKazakhfairytales #asmrsounds #казакшаертеги #gibi asmr

Добавить комментарий